Сайт бойынша іздеу
12-19 мамыр аралығында өтетін Спартакиада туралы

2025 жылғы 12-19 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен оған қарасты ұйымдар арасында Спартакиада өткізу жоспарлануда. Аталған спорттық іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұйымдар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.

Қазақ ұлттық хореография академиясынан 19 қызметкерден тұратын команда жасақталып, олар келесі спорт түрлері бойынша бақ сынайтын болады: мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, қазақша күрес және тоғызқұмалақ.

Академия ұжымы бұл Спартакиада ұжымдық бірлікті нығайтып, қызметкерлердің спорттық белсенділігін арттыруда оң әсерін тигізетініне сенімді. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!