Сайт бойынша іздеу
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Қазақ ұлттық хореография академиясының атынан Сіздерді 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отбасы – әрбір адамның тірегі, тәрбие мен махаббаттың, ізгілік пен руханияттың бастауы. Біздің Академия үшін де шәкірттеріміз бен ұжымымыз – үлкен бір отбасы. Біз бірліктің, өзара қолдаудың және шығармашылық рухтың қаншалықты маңызды екенін жақсы білеміз.

Осы жарқын мерекеде әр отбасыға амандық, шаттық пен береке, сүйіспеншілік пен түсіністік тілейміз! Жүректеріңіз әрдайым жақын жандарыңыздың мейірімі мен жылуына толы болсын!