Сайт бойынша іздеу
2025 жылғы 19 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясында өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өтті

Оқу-жаттығу барысында дабыл сигналы берілгеннен кейін Академияның қызметкерлері мен білім алушылары қысқа уақыт ішінде ғимараттан шығып, алдын ала белгіленген қауіпсіз орынға жиналды.

Іс-шара ұйымдасқан түрде өтті: шартты түрде зардап шеккендер құтқарылып, оларға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді.

Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлер мен білім алушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз іс-әрекет пен жедел шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.