2025 жылғы 25 маусымнан 20 шілдеге дейін Қазақ ұлттық хореография академиясының колледжі «02150700- Хореографиялық өнер» мамандығы «4S02150702 – Би ансамбілінің әртісі» біліктілігі бойынша оқуға түсуге құжаттар қабылдайды (оқыту мерзімі 2 жыл 10 ай).
Түсу емтихандарына негізгі орта білім алған (9 сынып) және мамандандырылған оқу орындарын (хореографиялық училищелер, ұлттық академиялар, сертификатталған хореографиялық мектептер) бітірген тұлғалар жіберіледі. Қабылдау емтихандары: 2025 жылғы 22 шілдеден 25 шілдеге дейін.
Қабылдау туралы толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша көре аласыз: https://balletacademy.edu.kz/kz/priem/priemnaya-komissiya-5-klass-1-kurs.
Бюджеттік орындар бар, өзге қаланың тұрғындарына жатақханада орындар қарастырылған. Байланыс телефон: 8 (7172) 79-85-42, +7700 508 51 00 (ватсап).