Сайт бойынша іздеу
2025 жылғы түлектерді жұмысқа бөлу комиссиясының отырысы өтті

2025 жылғы 3 маусымда Қазақ ұлттық хореография академиясында ректор Бибігүл Нүсіпжанованың төрағалығымен 2025 жылғы түлектерді жұмысқа бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа барлық түлектер қатысты, кейбірі онлайн форматта қосылды. Жиын барысында түлектерге жұмысқа бөлу тәртібі мен құжаттарды рәсімдеу ережелері түсіндірілді.

Шара барысында түлектер жұмыс ұсынған ұйымдардан алған кепілдік хаттары мен хаттамаларды (ходатайстволарды) Академияға ұсынды.

Академия түлектерінің еліміздің жетекші театрлары мен мәдениет ұйымдарынан жұмысқа шақырту алуы – оқу орны үшін зор мәртебе.

2024–2025 оқу жылында Академияны 37 түлек мемлекеттік грант негізінде, 29 түлек ақылы түрде аяқтауда.