Еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және рухымыздың мәңгілік символдары. Бұл рәміздер әрбір қазақстандықтың жүрегінде елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін ұялатады.
Қазақ ұлттық хореография академиясы баршаңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Егемен еліміздің асқақ рухы, мәдениеті мен өнері жас ұрпақтың бойында мәңгі сақталып, жаңғыра берсін!
️Еліміз аман болып, көк Туымыз мәңгі желбіресін!