Сайт бойынша іздеу
Академия қабырғасында қазақтың бұлбұл әншісі, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова туралы танымдық деректі фильм көрсетілді

Бүгін Академия қабырғасында қазақтың бұлбұл әншісі, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова туралы танымдық деректі фильм көрсетілді. Оқушылар қазақ өнерінің дарабозы туралы мағыналы ақпарат алып, оның шығармашылығымен жақынырақ танысты. Концертте 3 «А» сынып оқушысы Маратқызы Сафияның орындауындағы «Қазақпын» әні көпшіліктің жүрегіне жылы тиді. Оның шынайы орындаушылық шеберлігі көрермендерден зор қошеметке ие болды.

Іс-шара өте әсерлі, тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті. Оқушылар ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, қазақ музыкасының құдіретін тереңірек сезінді.