Сайт бойынша іздеу
Академия кітапханасында әдеби клубтың кезекті отырысы өтті

Бүгін Академия кітапханасында әдеби клубтың кезекті отырысы өтті! Бүгінгі кездесуде әлем халықтарының ертегілерін талқылап, олардың терең мағынасын, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттедік.

Ертегілер – әр халықтың мәдениеті мен дүниетанымының айнасы. Кездесуде түрлі елдердің аңыздары мен ертегілері сараланып, олардың ортақ құндылықтары туралы талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу барысында студенттер «321» әдісін қолдана отырып, өздерінің оқыған кітаптары туралы өз ойларымен бөлісіп, оларды қағаз бетіне түсірді.

Келесі кездесуде Шерхан Мұртазаның «Соғыстың соңғы жесірі» әңгімесін талқылайтын боламыз!