Сайт бойынша іздеу
Академия оқушылары «Gulnar Fest» халықаралық байқауында Гран-при иеленді

Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 4-сыныбынан 16 оқушы «Gulnar Fest» халықаралық көп жанрлы онлайн байқауына қатысып, 10-12 жас аралығындағы қатысушылар санатында «Хореография» номинациясы бойынша өнер көрсетті.

Жас бишілер «Муха-Цокотуха және оның достары» атты миниатюралық классикалық би қойылымын орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Сондай-ақ оқытушы Зәуре Умбеткулова мен хореограф Георгий Ковтун байқауды ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.