2024 жылғы 13-15 қарашада Тараз қаласында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің базасында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберлік конкурсының республикалық кезеңі өткізілді. «02150700-Хореография өнері» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушыларына арналған конкурсқа Хореография академиясы колледжінің педагогы А.Ш. Шәмшиев қатысып, республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды.