2024 жылдың қазан айында Бейжіңде әлемдік би қауымдастығы үшін маңызды оқиға – Дүниежүзілік би білімі альянсын (WDEA) құру салтанаты және би ұйымдарының декандары мен директорларының форумы өтті. Іс-шараға Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Нусипжанова Бибигуль Нургалиевна және хореография факультетінің деканы Тургинбаева Айтолкын Несипбековна қатысты.
Дүниежүзілік би білімі альянсы (WDEA) – бүкіл әлем бойынша би өнерін дамытуға бағытталған жаңа бірлестік. Альянс білім беру мекемелері арасында үнемі тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, мәдени дәстүрлердің сақталуын қолдайдыем бойынша би өнерін дамытуға бағытталған жаңа бірлестік. Альянс сқа қатысу жаһандық аренада би өнерін дамытуға ықпал ететін бірлескен жобалар мен бастамалар үшін жаңа перспективалар ашады.
Форумның басты оқиғаларының бірі Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибигуль Нургалиевна Нусипжанованы Альянс төрағасының орынбасары етіп сайлау болды. Бұл Академияның би өнерін халықаралық деңгейде дамытудағы рөлін және оның мәдени дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ би білімін насихаттауға қосқан елеулі үлесін мойындау.
Қазақ ұлттық хореография академиясы үшін Альянсқа қатысу – бұл үлкен мәртебе және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды қадам.
Форум мен Альянстың құрылуы би өнерін жаңа деңгейге көтеруге және бай мәдени мұраны сақтай отырып, бишілердің жаңа буынын қалыптастыруға дайын жаһандық би қауымдастығын нығайтудағы маңызды кезең болды.