2024 жылдың 8-10 қарашасы аралығында Кутаисиде көрнекті хореограф Джордж Баланчинге арналған V халықаралық хореографиялық фестиваль-конкурс өтті. Конкурсқа Рига (Латвия), Батуми (Грузия), Таллин (Эстония) және Астана (Қазақстан) балет мектептерінен қатысушылар жиналды. Қазақ ұлттық хореография академиясынан хореография факультетінің студенттері Алан Мұхтар мен Рүстем Әмірбеков, сондай-ақ факультет түлектері және «Гүлдер» ансамблінің қатысушылары Аққанат Смағұлова мен Анель Жұмалілдина қатысты. Олар «Халық биі» және «Заманауи хореография» номинацияларында өнер көрсетіп, қатысушыларымыздың таланты мен әртістігін толықтай көрсеткен 10 хореографиялық композицияны ұсынды.
Фестиваль-конкурс нәтижелері:
Академия студенттері мен түлектерін лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!