Сайт бойынша іздеу
Академия түлектері дипломдық жұмыстары мен мемлекеттік емтихандарын сәтті тапсырды

2024–2025 оқу жылында Қазақ ұлттық хореография академиясында техникалық және кәсіптік білім беру, бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқыған соңғы курс білім алушылары дипломдық жұмыстарын сәтті қорғап, мемлекеттік емтихандарын ойдағыдай тапсырды.

Академияның білім алушылары теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды да меңгеріп, беделді халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Бұл – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан елеулі үлес.

Аталған жетістіктер – академияның профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби біліктілігі мен білім алушылардың табанды еңбегінің жемісі.

Оқу орнын тәмамдаған түлектеріміз еліміздің жетекші мәдени мекемелерінде қызмет етіп, кәсіби шеберліктерін одан әрі дамыта береді деп сенеміз.

Барша түлектерімізге шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт және жарқын болашақ тілейміз!