Сайт бойынша іздеу
Академия тәрбиеленушілері «JASTAR JALYNY – 2023» жастар шығармашылығы фестивалінің жеңімпаздары атанды

Фестиваль 4 желтоқсанда басталып, 9 күнге созылды, жастар 10 номинация бойынша бақ сынасты: Эстрада, ұлттық би, Заманауи би, музыкалық аспаптар, шахмат, Поэзия, Медиа, Театр, сурет, Qazaq Quiz. Фестивальдің конкурстық бағдарламасына Астана қаласының 13 университеті қатысты.

Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері жыл сайын "Jastar Jalyny-2023" байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Биыл хореография факультетінің студенттері Сания Сәкенова мен Милан Струсинская академияның жеңіс қоржынын тағы да толықтыра алды. Олар "ұлттық би" номинациясы бойынша үздік атанды.

"Jastar Jalyny -2023" -жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және жағдай жасау, студент жастардың рухани-мәдени әлеуетін дамыту, студенттерге эстетикалық және этикалық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында өткізілетін байқау, адамгершілік құндылықтар мен көшбасшылық қасиеттер.