Сайт бойынша іздеу
Академияға Қытай ұлттық мұнай газ корпорациясының CNPC Директорлар кеңесінің басшысы келді

2023 жылғы 04 қазанда Қазақ ұлттық хореография академиясына (бұдан әрі – Академия) ресми сапармен "China National Petroleum Corporation" Қытай Ұлттық Мұнай-газ корпорациясының (бұдан әрі-CNPC) Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулян мырза Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Арман Әділханұлы Жүдебаевтың қатысуымен келді.

Академия 2016 жылы "Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры"АҚ-мен бірлесіп CNPC демеушілік қаражаты есебінен салынды. Құрылған күннен бастап CNPC Академияның оқу және шығармашылық қызметін ұйымдастыруда тұрақты қаржылық қолдау көрсетеді.

Ағымдағы 2023-2024 оқу жылында CNPC кезекті қаржылық қолдау көрсетіп, академияға компьютерлік және лингафондық сыныптардың жабдықтарына 26 млн теңге бөлді.

Қазақ ұлттық хореография академиясы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға өз үлесін қосуда.

Академия өз қызметі кезеңінде әріптестік және достық қарым-қатынас орнатып, әлемдік хореографиялық қоғамдастықтың жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы келісімдер жасасты, олардың арасында Бейжің би академиясы ерекше орын алады. Осы ынтымақтастық аясында Бейжің би академиясы мен академия арасында оқытушы-хореографтармен алмасу басталды.