Сайт бойынша іздеу
Академия қызметкерлеріне Мемлекет басшысы және Президент Әкімшілігінің Алғыс хаттары табысталды

2025 жылғы 16–18 маусым күндері Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алдында өнер көрсетті.

Шараға дайындық барысында білім алушыларға кәсіби бағыт-бағдар беріп, олардың жоғары деңгейде өнер көрсетуіне ықпал еткен оқытушылардың еңбегі ерекше атап өтілді.

Аталған маңызды халықаралық іс-шараға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының атынан Концерттік қызмет бөлімінің басшысы Гүлнар Әлиева Алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Дәдебай Айбек Арқабайұлының атынан Хореография факультетінің деканы Айтолқын Тургинбаева, кафедра меңгерушісі, профессор Гүлнар Саитова және оқытушы Алмат Шамшиевке Алғыс хаттар табысталды.