Сайт бойынша іздеу
Академияға жапондық ателье қырық үш ерекше сахналық костюмді сыйға тартты

2024 жылғы 7-12 қазан аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясына әлемге әйгілі жапондық «Atelier Yoshino» ательесінің директоры Катсуе Йошино келді. Қонақ Академия ректорымен кездесіп, Академия білім алушыларына қырық үш сахналық костюмді сыйға тартты.

Бұл «Atelier Yoshino» ательесінің алғашқы қайырымдылығы емес, мысалы бұрын Венгрия би университетіндегі әріптестер де костюмдерді тегін алған.

1997 жылы құрылғаннан бері Atelier Yoshino жоғары көркем сахналық костюмдер ұсына отырып, бүкіл Жапониядағы балет мектептері мен труппаларының қамқорлығына ие болды. Компанияның басымдықтары тек функционалды ғана емес, сонымен қатар әртістерді де, көрермендерді де шабыттандыруға арналған шығармашылық өнімдерге бағытталған.

Atelier Yoshino туындылары классикалық белдемшелермен шектеліп қана қоймайды, сонымен қатар жан-жақты балет костюмдері, опера және оперетта орындаушыларына арналған киімдер және діни киімдер тігеді.

Біз «Atelier Yoshino» ательесіне ризашылығымызды білдіре отырып, толағай табыстар тілейміз!