25 жылдың 28 қаңтар күні Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу ғимаратының акт залында кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 5-7 сынып оқушыларының аралығында қаржылық мониторинг агенттігімен қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша лекция өткізілді.
Білім алушыларға Қаржы мониторингі агенттігінің кадр жұмысы департаменті басқармасының басшысы Парменова Айгерим Аргыновна және тергеуші Есболов Данияр интернетті қауіпсіз пайдалану үшін «цифрлық гигиена», «кибербуллинг», «алаяқтық», «орынсыз мазмұн», «жеке деректер», «Интернетке тәуелділік», «хакерлер», «фишинг», «вирустар» терминдерінің мәнін түсіндірді, күрделі және күшті парольдер жасау, әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін тексеру, күдікті сілтемелерді, хаттар мен хабарламаларды анықтау, сандық қорғаныс құралдарын қолдану (антивирус, екі факторлы аутентификация) жайлы ақпарат берді.
Лекция тақырыбы бүгінгі таңда өзекті болуына байланысты білім алушылардың сандық қауіптердің алдын алу үшін ақпараттың дұрыстығын және интернеттегі басқа пайдаланушылардың әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалау сияқты сұрақтары көп болды.