Сайт бойынша іздеу
Академияда Астана қаласы бойынша ЮНЕСКО клубтарының басшыларының кездесуі өтті

27 қаңтарда хореография академиясында Астана қаласы бойынша ЮНЕСКО Клубтары басшыларының кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты-Астана қаласы бойынша ЮНЕСКО Клубтарының өңірлік өкілдігінің 2023 жылға арналған перспективалық іс-шаралар жоспарын бекіту.

Кездесу барысында Академия ректоры, профессор Бибігүл Нүсіпжанова қонақтарды қарсы алып, хореография академиясында ұйымдастырылған ЮНЕСКО аймағын таныстырды.

Сонымен қатар, қатысушыларға перспективалық іс-шаралар жоспары таныстырылды, содан кейін оқу орнының тәрбиеленушілерінен концерт өтті, сондай-ақ қонақтар үшін академия бойынша экскурсия өткізілді.