17 ақпанда хореография академиясына миссия басшысының орынбасары, Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің саяси-экономикалық бөлімінің басшысы Томаш Коллат таныстыру сапарымен келді. Сапар барысында Коллат Мырза Академиямен танысып, балет корпусына, мұражайға, кітапханаға, оқу орнының тұрғын үй корпусына барды. Қонақты ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директор Жанна Толысбаева қарсы алды. Томаш Коллаттың сапары барысында Академия мен Польшаның ҚР-дағы Елшілігінің ынтымақтастық перспективалары талқыланды.