Сайт бойынша іздеу
Академияда "Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалай нығайтуға болады?»

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық білім беруге, тәрбиелеуге ерекше рөл берілуге тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа азаматтық қоғамның қатысуынсыз қарсы тұру мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс маңызды рөл атқарады. Жастайынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу ғана осы әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері" пәнін зерделеу шеңберінде хореография және өнер факультеттерінің барлық 2 курс ББ студенттерінің қатысуымен 2024 жылғы 6 желтоқсанда "Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалай нығайтуға болады?" тақырыбында пікірталас өтті. Онда қатысушылар тақырыпты талқылап, ойларын тұжырымдап, дәлелдер келтіріп, өз ұстанымдарын қорғады. Пікірсайыс 9 желтоқсан - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне арналды.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша 1 орынды "Арт-менеджмент" ББ студенттері Есмағанбет Берік, Рамазанова Сабина иеленді.

Сондай-ақ, Орманова Каролина "Үздік спикер", Есмағанбет Берік "Ең эрудитті", Батраханова Фариза "Ең белсенді" номинацияларымен марапатталды.