2024 жылғы 14 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы М.Р.Қаирбекова Академия қызметкерлерін Байқау кеңесінің шешімімен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі нормативтік құжаттармен таныстыру мақсатында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ішкі нормативтік құжаттармен, атап айтқанда «Академиядағы корпоративтік этика және мінез-құлық кодексімен» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі саясатының» 1 және 2 қосымшаларымен және «Мүдделер қақтығысын анықтау және шешу жөніндегі ішкі саясатының» қосымшасымен таныстырылды.
Азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған «Қолдар» бейнеролигі көрсетілді. Сондай-ақ, қызметкерлер академияда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырылды.