Қазақ ұлттық хореография академиясына 1-5 сыныптарға (6 жастан 11 жасқа дейін) түсетін балаларға алдын ала қарау жарияланады.
1-3 сыныптарға қабылдау тек Астана қаласында тұратын балалар үшін ғана жүзеге асырылады.
4-5 сыныптарға қабылдау Қазақстанның барлық өңірлерінен келген балалар үшін жүргізіледі.
Астана қаласында тұратын балаларға алдын ала қарау 2024 жылғы 1 ақпаннан 15 маусымға дейін жүргізіледі. Байқау Ұлы дала даңғылы 43/1, Балет ғимараты, Ботаникалық бақтың кіреберісі мекен-жайы бойынша өтеді. Алдын ала қарауға арналған Телефон (2024 жылғы 1 ақпаннан бастап): 8 (7172) 79-85-89, 79-85-54, 79-85-84, 79-85-42, +700 508 51 00 (WhatsApp).
ҚР облыстары бойынша балаларды іріктеу 2024 жылғы 12 ақпаннан 25 сәуірге дейін өткізіледі.
ҚР облыс орталықтарында іріктеу өткізілетін күн, уақыт және орын Академияның әлеуметтік желілерінде қосымша хабарланатын болады. Хабарландыруларды қадағалаңыз!
Алдын ала қараудан өткен балалар 2024 жылғы маусым-шілде айларында Қазақ ұлттық хореография академиясына (Астана қ.) түсу емтихандарына шақырылады.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 79-85-42, +77005085100 (WhatsApp).