Сайт бойынша іздеу
«Астана Опера» сахнасында «Ұйқыдағы ару»: Хореография академиясының жас жұлдыздарының триумфы

Астана, 2025 жылғы 20–21 маусым — Петр Ильич Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында сәтті өтті. Қойылым халықаралық «Опералия» музыкалық фестивалі аясында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл оқиға — жоғары өнердің нағыз мерекесі болды, ол әлемдік деңгейдегі шеберлер мен Қазақ ұлттық хореография академиясының дарынды оқушыларын біріктірді. Жас әртістер спектакльге шынайы, шабытты өнерімен және сахналық шеберлігімен көрік беріп, көрермендерді тәнті етті. Олардың қатысуы қойылымның сәнін кіргізіп қана қоймай, Академиядағы кәсіби даярлықтың жоғары деңгейі мен дәстүр сабақтастығының жарқын дәлеліне айналды.

Академия мен «Астана Опера» театры балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова өз сөзінде: «Ұйқыдағы ару» — әрбір бөлшегі мәнге толы, сұлулығы мен үйлесімі сирек кездесетін балет. Бұл сиқырлы көркем туындының ішінде балалардың рөлі ерекше, өйткені олар қойылымға шынайы тыныс, өмірдің лебін алып келеді. Мен біздің жас әртістерімізді мақтан тұтамын және оларға қолдау көрсеткен ата-аналарына алғысымды білдіремін» - деді.

Академия шәкірттері үшін осындай ауқымды қойылымға қатысу — кәсіби сахна әлеміне ену, өнер майталмандарының тәжірибесін сезіну, ерекше шығармашылық тәжірибе болды. Оларды жоғары деңгейде дайындап, бар білімін ортаға кәсіби оқытушылардың еңбектері зор.

Бұл спектакль — жас орындаушылардың бейнесінде жалғасын тауып жатқан шығармашылық мұраның символына айналды. Академияның білім алушылары мен түлектері осы ұлы балет өнері туындысының жүзеге асуына зор үлес қосты: көрермендер әрбір сәттен талантты, шабыт пен өнерге деген адалдықты сезінді.

Қазақ ұлттық хореография академиясы — Орталық Азиядағы хореографиялық білім берудің жетекші орталығы екенін тағы да дәлелдеді. Ал «Ұйқыдағы ару» балетіне қатысу — үлкен сахналар мен халықаралық мойындауға бастар жолдағы жаңа белес болды.