22 наурызда Санкт-Петербургте Борис Эйфман атындағы Академиялық би театрының сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының гастрольдік концерті өтті. Концерт аясында академия студенттері, оқытушылары және басшылығы Мемлекеттік Эрмитажды аралады.
Эрмитажға сапар мәдени бағдарлама аясындағы маңызды шараға айналып, оның білім беру және рухани құндылығын арттырды. Болашақ балет артистері үшін осындай өнермен кездесулер- шабыт алудың және шығармашылық көзқарастарды кеңейтудің маңызды көзі.
Алда өтетін концерт Борис Эйфман атындағы би академиясы мен Қазақ ұлттық хореография академиясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ. Бұл гастрольдер шығармашылық диалог, тәжірибе алмасу және кәсіби өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады