17 мамыр күні Riviera International School ұйымдастырған университеттер көрмесі өтті. Іс-шараға Қазақстан мен шетелдің 15-тен астам жоғары оқу орны қатысып, өздерінің білім беру бағдарламаларын ұсынды.
Астана қаласындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналары — жалпы саны 150-ден астам қатысушы — университетті қалай дұрыс таңдау, өзіне лайықты білім бағдарламасын анықтау және болашақ мамандыққа сенімді қадам жасау туралы маңызды ақпарат алды.
Көрмеге келгендерге Қазақ ұлттық хореография академиясының білім беру мүмкіндіктері мен бағдарламалары туралы Өнертану және арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі м.а. Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы және Пягай Александр Анатольевич жан-жақты таныстырылым жасады.