Астана қаласы бойынша Қазақстан Ұлттық UNESCO Клубтары Федерациясының өңірлік өкілдігі болып табылатын Қазақ ұлттық хореография академиясы Роза Бағланова атындағы № 2 балалар музыка мектебінің, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті мектебінің UNESCO клубтарымен бірлесіп «Ұлы Жеңіске тағзым!» шығармашылық байқауын ұйымдастырады.
Байқау 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге орайластырылған және дарынды жастарды қолдауға, оларға пікірлестермен қарым-қатынас жасауға және шығармашылық әлеуетті іске асыруға серпін беруге арналған.
Байқау бағдарламасына келесі номинациялар кіреді: «Эстрадалық вокал және аспаптық орындау», «Мобилография», «Хореография».
Осыған байланысты, Клуб мүшелерін шығармашылық сайысқа қатысуға шақырамыз.
Байқаудың шарықтау шегі Астана қаласында, Қазақ ұлттық хореография академиясының ғимаратында өтетін жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі болмақ.
Барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша Астана қаласындағы Қазақстандық Ұлттық UNESCO Клубтары Федерациясының өңірлік өкілдігінің жауапты хатшысы Сағыныш Рамазанқызы Сұлтановаға хабарласуды сұраймыз (байланыс телефондары: +7 (7172)-798-578; +7 777 073 7217).
Анкета-заявкаЭстр вокал и инструм
Творческий конкурс «Ұлы Жеңіске тағзым!» 2025.pdf