Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясында балеттегі сценография тақырыбында семинар өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясының «Өнертану» білім бағдарламасы бойынша 1-ші оқу жылы докторанты Саида Саттыбаева «Қазақстандағы балет спектакльдеріндегі көркемдік кеңістіктің сценографиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Семинар барысында спикер балеттегі сценографияның тарихи даму кезеңдеріне, көркемдік кеңістікті құрудағы визуалды және эмоциялық әсерге, сондай-ақ музыка мен хореографиямен өзара байланысына тоқталды.

Саида Саттыбаева қазіргі сценографияның дәстүрлі декорациядан ерекшеленіп, көркемдік мазмұнды толықтыратын дербес өнер түріне айналғанын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанда бұл тақырып бойынша ғылыми зерттеулердің аздығын, арнайы әдебиеттер мен дереккөздердің жоқтығын атап өтіп, осы бағыттағы алғашқы отандық зерттеуші ретінде жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Іс-шараға академия оқытушылары мен докторанттары қатысты. Семинар ғылыми ізденіс жолындағы жас зерттеушілер үшін тың идеялар мен жаңа бағыттарға жол ашты.