24 маусым күні "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының қабырғасында Қазақ ұлттық хореография академиясының дипломдарын тапсыру рәсімі өтті. Бұл маңызды оқиға академияның 82 талантты студенті үшін оқудың сәтті аяқталғанын білдіреді.
Биылғы жылы 40 колледж студенті, 29 бакалавр және 13 магистр дипломдармен марапатталды.
Академияның көркемдік жетекшісі Асылмұратова Алтынай Абдуахимовна өз сөзінде түлектерге шыдамдылық, шабыт және шығармашылық жолында табандылық тілеп, барлық педагогтар мен тәрбиешілерге еңбектері үшін алғыс айтты.
Қазақ ұлттық хореография академиясы барлық түлектерге оқуын сәтті аяқтап, лайықты дипломдар алуларымен шын жүректен құттықтаулар білдіреді және барлық бастамаларына сәттілік тілейді!