Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясында жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті!

Қазақ ұлттық хореография академиясында жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті.

  1. ХАЛЫҚТЫҚ-САХНАЛЫҚ БИ. ТЕОРИЯ. ПРАКТИКА: оқу құралы. Авторлары: Абдулина Н., Алишева А., Сайфуллина Г., Дон Г.; Бұл оқу құралы кәсіби хореографиялық мекемелерге арналған. Оқу-әдістемелік жұмыста авторлар станоктағы халықтық-сахналық бидің негізі, байланыстырушы қозғалыстары мен элементтерінің әдістемесін зерделеу үшін, олардың кезеңдік іске асырылуына дейін оқу жылдары бойынша дәйекті дамуында материал ұсынды. Кітаптың екінші бөлімінде халықтық-сахналық би сабақтарын практикалық жүргізуге қатысты ұсыныстар берілген, бұл теориялық және практикалық материалға тереңірек енуге мүмкіндік береді.

  2. Saitova G. Uyghur dance: Origins. Traditions. Stage expression. Ағылшын тілінде жарық көрген бұл монографияда ұйғыр би өнері тарихи аспектіде де, сахналық интерпретацияда да қарастырылған. Кітапта ұйғыр халқының салт-дәстүрлері мен мерекелерінде сақталған хореографиялық элементтерге шолу жасалған. Қуудус Қужамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының қойылымдары мен концерттік бағдарламаларында ұлттық хореографияның даму тенденциялары байқалады. Ұйғыр театры хореографтарының жұмысы хореография өнеріндегі дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру аспектісінде сараланады.

Балетмейстер өнері кафедрасының меңгерушісі - Саитова Гүлнара Юсуповна бұл монографияның негізі оның диссертациялық жұмысы болғанын айтып, ол жұмысының ағылшын тіліне аударылғанымен бөлісті.Сонымен қатар, Гүлнара ханым ұйғыр биінің мұрасына қолдау көрсету мен дамыту стратегиялық маңыздылығына назар аударды. Автор хореография өнеріндегі дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіру аспектісінде бұл мұраның мәнін тереңірек зерттеу қажеттігін атап өтті.

  1. Байсеитова Р.Х., Сушков Д.В. Хореографическое наследие. Балет. П.И.Чайковского «Лебединое озеро»: учебное пособие. Бұл оқу құралында хореографиялық өнер мен білім саласындағы қайраткерлерді, өткен дәуірдің көрнекті хореографтарының шығармашылығынан үлгілерді сақтау және жаңа ұрпаққа жеткізу, студенттерге хореографиялық мәтіні туралы ғана емес, сонымен қатар шығарманың бейнелі және эмоционалды мазмұны, пластикалық мәнері, орындау стилі туралы айтылады.

Академия ректоры, Нусипжанова Бибигуль Нургалиевна хореографиялық оқу құралдарының болуы білім ордасы үшін маңызды ресурс екенін атап өтіп, бұл құралдар хореографиялық мұраны тереңірек меңгеруге мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Ұсынылған басылымдар хореографиялық білімнің дамуына үлкен үлес қосып, теориялық негіздер мен практикалық әдістемелерді тереңдетіп зерттеуге ықпал етті. Іс-шара халықтық-сахналық би, Ұйғыр биі және классикалық балет саласындағы одан әрі зерттеулер мен инновациялық тәсілдерге жол ашып, мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын атап өтті, бұл болашақ шығармашылық жетістіктер үшін негіз болатыны сөзсіз.