2025 жылғы 2 маусымда Қазақ ұлттық хореография академиясының балетмейстер өнері кафедрасының 4-курс студенттері өздерінің дипломдық жобаларын Astana Ballet театрының сахнасында ұсынды.
Курс жетекшісі – аға оқытушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері – Мукарам Абубахриева. Комиссия құрамында хореография саласындағы беделді мамандар болды:
Дипломдық жобалар:
Шамшырақ Сегізбаева – «Қарғыс» балеті Махаббат пен сиқырлы қарғыс туралы қойылымда жас жұптың қиындықтар арқылы кешірімге апарар жолы бейнеленеді. Қойылым көрерменге драмалық тереңдік пен ұлы махаббаттың күшін көрсетті.
Камила Каусова – «Аспан асты» балеті Қытай аңызы негізінде сахналанған бұл шығарма императордың бұйрығына бағынбай, халықты құрғақшылықтан құтқаруға тырысқан төрт айдаһардың ерлігін суреттейді. Балет нәзік хореографиясымен және терең мағыналық мазмұнымен ерекшеленді.
Малика Тумгоева – «Әйел» балеті Қоғамдағы әйел рөлі туралы философиялық қойылым. Бірнеше кейіпкер бейнесі арқылы тағдыр, еркіндік және рухани күш тақырыптары көркем би тілімен көрініс тапты.
Әрбір қойылым көрермен жүрегіне жол тауып, би өнері арқылы терең ой жеткізе білді.
Студенттер Академия қабырғасында алған білімдері мен тәжірибелерін толық көрсетіп, сахнада жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетті. Бұл дипломдық жобалар олардың шығармашылық шеберлігін және хореография өнеріне деген шынайы сүйіспеншілігін айқын көрсетті.