Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары биік белестерді бағындыруда

Қазақ ұлттық хореографиясының білім алушылары беделді байқауларда Қазақстан Республикасының атынан бақ сынасып, халықаралық аренада жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.,

Жас әртістердің кәсіби дамуына қолдау білдіріп жүрген серіктесіміз – «Astana Art Fund».

Қор демеушілігімен жүзеге асқан кейбір маңызды жеңістер:

2022 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен Халықаралық балет конкурсында

  • Торғын Лебен – алтын медаль;
  • Әдемі Жанәбіл – күміс медаль;
  • Дарья Митрофанова – қола медаль;

2023 жылы 4-10 сәуір аралығында Алматыда өткен хореографиялық оқу орындарының VIII халықаралық «ӨРЛЕУ» байқауында

  • Торғын Лебен 1-орын (5 елден 193 қатысушы қатысты);

2024 жылы өткен «Арабеск – 2024» байқауында Пермь қаласы (Ресей)

  • Әдемі Жанәбіл 2-орын;

2024 жылғы 18-22 қараша аралығында Budapest Ballet Grand Prix, Будапешт қаласы (Венгрия):

  • Торғын Лебен – 1-орын;
  • Дарья Митрофанова – 2-орын;
  • Әдемі Жанәбіл – байқау дипломанты;

Аталған байқауға әлемнің 31 елінен жас бишілер қатысты. Қазақ ұлттық хореография академиясы «Astana Art Fund»-қа жас дарындарды қолдап, халықаралық жобаларға қатысуларына атсалысып, сондай-ақ Қазақстанның әлем сахналарында оң имиджін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Қормен ынтымақтастық республикада тұрақты кәсіби ортаны қалыптастыруға және балет өнерін дамытуға ықпал етеді.