Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына және Абай күніне орай Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде Абайдың қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, ғылыми еңбектер, түсіндірмелері бар басылымдар, сондай-ақ оның өмірі мен мұрасына арналған сирек кездесетін жинақтар қойылды. Әсіресе, оның «Қара сөздері» мен поэзиялық туындыларына ерекше назар аударылды.
Абай Құнанбайұлы (1845–1904) — қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлттық руханияттың символы. Оның шығармашылығы мен философиялық идеялары қазіргі заманмен үндесіп, жастарға өнеге болып келеді.
Көрменің мақсаты — студенттер мен оқытушыларға Абай мұрасының тереңдігін таныту, оның мәдениет пен білім берудегі орнын көрсету.