Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалінде өнер көрсетеді

2025 жылғы 11-15 ақпан аралығында елордада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді. Іс-шара халықаралық көрме орталығында (EXPO) ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар қаласы» деп жариялау туралы бастамасы аясында өтуде.

Қазақ ұлттық хореография академиясы бұл маңызды іс-шараға қатысудан үлкен мәртебе сезінеді және оның мақсаттары мен міндеттерін қолдайды. Фестиваль аясында Академия студенттері көрермендерге би өнерінің көп қырлы әлемін таныстырып, қазақ биінің әсемдігі мен грациясын, классикалық билердің нәзіктігі мен сұлулығын, сондай-ақ латиноамерикандық билердің жарқын ритмі мен қуатын паш етеді.

Академия студенттерінің өнер көрсетуі 11 ақпанда өтеді және қазақтың халық биі «Ақбаян» қазақ биінің грациясын бейнелейді.

Қазақ ұлттық хореография академиясы үшін бұл ауқымды шараға қатысу – кәсіби білім беруді қолдау мен мәдени құндылықтарды насихаттауға қосқан зор үлесі. Біз өнерімізді кең аудиторияға ұсынуға және шығармашылық пен еңбекқорлыққа бағытталған мамандықтарды танытуға мүмкіндік алғанымызды мақтан тұтамыз.

Барлық қалаушыларды фестивальге қатысып, студенттеріміздің шеберлігін тамашалауға шақырамыз!