Сайт бойынша іздеу
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табыс етілді

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай, ел бірлігі мен мәдениетаралық келісімді нығайтуға қосқан еңбектері үшін бірқатар өнер және білім саласының өкілдері марапатталды.

Марапатталғандар қатарында – Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Нүсіпжанова; Академияның хореография факультеті деканының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдар қауымдастығы төрағасының орынбасары Евгений Моисеев; сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Astana Ballet театрының жетекші солисі, Академияның аға оқытушысы Татьяна Тен бар.

Ассамблеяның басты мақсаты – этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлерді дамытуға жағдай жасау. Бүгінде Қазақ ұлттық хореография академиясы – түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында ұйымшылдықпен еңбек етіп жатқан шығармашылық орта. Олардың хореография өнерін өркендетуге қосып отырған үлесі ерекше.