Бүгін Қазақстанда Ассамблеяның 30 жылдығына арналған ауқымды мәдени жоба FOLK&ART PERFORMANCE өтті. Іс-шара жастар қозғалысы ҚХА «Ассамблея жастары», , Ұлттық Дельфий комитеті және ЮНЕСКО-ның бастамасымен ұйымдастырылды.
Бұл мәдени жоба Қазақстан жастарының арасында қоғамдық келісім мен бірлікті арттыруда маңызды қадам болды. FOLK&ART PERFORMANCE – бұл тек концерт емес, талантты жастарға өз өнерін көрсетіп, ұлттық мәдениеттің байлығын және заманауи өнерді паш ететін бірегей алаң.
Кештің басты сәттерінің бірі — Академия хореография факультетінің студенттерінің орындауындағы қазақ вальсі болды. Моисеев Е.С. хореографиясындағы бұл би ұлттық мәдениеттің тереңдігі мен сұлулығын көрсетіп, соңында студенттер қонақтарды вальске шақырып, бірлік пен қуаныш атмосферасын сыйлады.
Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға осы керемет өнер мейрамын жасағандары үшін алғысымызды білдіреміз!