2025 жылдың 17 ақпанынан 15 наурызы аралығында интернат тәрбиешілері іс-шарасы аясында, «Қазақстанның танымал адамдары» атты жұмысшы мамандықтар Жылына арналған қызықты шығармашылық кездесулер легін ұйымдастырды. Кездесуге академиямыздың жетістікке жеткен, танымал ұстаздары мен академия қабырғасынан шыққан танымал студенттері шақырылды.
Ашық сұхбат форматында өткізілген кездесулер реті төмендегідей болды:
17 ақпанда талантты биші, «Гүлдер» ансамблінің әртісі Айдарханқызы Іңкәрмен.
23 ақпанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, академияның арнайы пәндер бөлімінің әдіскері Абдулина Назира Сарсенбайқызымен.
28 ақпан күні Қазақ ұлттық хореография академиясының түлегі, қазіргі таңда Астана Опера театрының солисі Ғұмар Сұлтанбек Нұрлыбекұлымен.
1 наурызда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Академиямыздың ұстазы Мурзакулов Әсет Абдыбайұлымен.
9 наурызда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Алишева Алила Турсумбайқызымен.
15 наурызда арнайы пәндер ұстазы, өнер бакалавры Луковкин Антон Михайловичпен.
Сұхбат алаңында қонақтарымыз өз еңбек жолын баяндап, кәсіби бағыт-бағдар беруде өте пайдалы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Шара барысында тәрбиеленушілер де қонақтармен ашық пікір алмасып, жетістікке жету жолындағы құпияларды білді, әр кездесуден үлкен мотивация алды. Әр сұхбат өте пайдалы, әрі тәрбиелік мәні бар мағлұматтарға толы болды. Кеш соңында келген қонақтар балалардың өмір жолына сәттілік тілеп, кездесу қатысушылары бір-біріне шынайы алғыстарын білдірді.