«Бейбітшілік тырналары» жобасын «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Сафаралиев Рауан Академияның кәсіби білім беру мектеп-колледжінің білім алушыларының, соның ішінде Жапониядан келген шетелдік студенттердің белсенді қатысуымен бастады. Бұл жобаға жапондық студенттер ерекше үлес қосты және оны жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды.
«Ғылым апталығы–2025» аясында «Ең үздік арт-жоба» номинациясының жеңімпазы атанған бұл жоба Хиросима қаласынан шыққан жапон қызы Садако Сасакидің жүрек тебірентерлік оқиғасына негізделген. Үміт пен бейбітшілікке ұмтылысқа толы Садако туралы аңыз жоба қатысушыларын мейірім, сенім мен адам рухының қуатын бейнелейтін символикалық өнер туындысын жасауға шабыттандырды.
Жапон студенттерінің жобаға қатысуы оның маңыздылығын арттыра түсті. Олар бұл оқиғаның мәдени мәнмәтінін бөлісіп қана қоймай, қатысушылардың оның терең мазмұнын түсінуіне де септігін тигізді. Олардың үлесі арқасында «Бейбітшілік тырналары» жай ғана шығармашылық акция емес, мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністіктің көрінісіне айналды.
Жоба Академияның білім алушылары үшін екі кезеңде жүзеге асырылады:
Бұл инсталляциядағы әрбір тырна — жай ғана қағаз фигура емес, ол – кереметке сенімнің, төзімділіктің және тіпті ең ауыр жағдайда да адамның жүрегіндегі жарықты сақтай алу қабілетінің символы.