Сайт бойынша іздеу
«Біздің адамдар» жобасы – Академия ғимараттарын күту маманы Зинахан Бекзаттың хикаясы

Академияның әр жетістігі – көптеген адамдардың еңбегінің нәтижесі. Олар кадр сыртында қалып, бірақ айналамыздағы жайлылық, ыңғайлылық және сұлулықты жасауда басты рөл атқарады. «Біздің адамдар» жобасы – Академияны шабыттанып, шығармашылықпен айналысқың келетін орынға айналдыратын жандардың еңбегі туралы хикаялар.

Бүгінгі «Біздің адамдар» айдарында – 23 жастағы ғимараттыды күту маманы Зинахан Бекзат Әмірбекұлы. Оның тынымсыз еңбегі арқасында Академияның әрбір бұрышы қауіпсіз әрі ұқыпты күйінде сақталып, жабдықтар мінсіз жұмыс істейді. Сұхбат барысында ол өзінің жұмыс күні қалай өтетінін, жұмысқа деген шабытын, сондай-ақ қызығушылықтары мен армандары туралы әңгімелеп берді.

– Академиядияда қашаннан бері жұмыс істейсіз? Мен Академияда үш жылдан бері жұмыс істеймін. Негізі, мен 4-разрядты кәсіби аспазбын, дипломым және тәжірибем бар. Сонымен қатар, менде бухгалтер дипломы да бар. Еңбек жолымда әртүрлі орындарда жұмыс істедім: асханада, фермерлік шаруашылықта, гранит карьерінде. Уақытымның көп бөлігін жұмысқа арнадым, бірақ әрдайым түрлі елдердің дәстүрлерін, тілдерін, музыкасы мен мәдениеттерін зерттеуге тырыстым. Неміс және жапон мамандарымен бірге жұмыс істеп тәжірибесін жинадым.

– Академиядағы күнделікті міндеттеріңізге не кіреді? Менің күнім таңертеңгі тексеруден және келіп түскен өтінімдерді өңдеуден басталады. Содан кейін жұмыс процесім тапсырмаларды орындаумен жалғасады. Бұл жүк тасымалына қатысты жұмыстар: жиһаздарды, су салқындатқыштарды қолдануға жарамдылыққа тексеру.

– Бос уақытыңызда немен айналысқанды ұнатасыз? Бос уақытымда TikTok-та тікелей эфирлер өткіземін. Сонымен қатар, Suno AI платформасында жасанды интеллекттің көмегімен музыка жазғанды ұнатамын. Мен меломанмын, музыкалық жанрлардан рок, метал, техно, фонк және халық музыкасын жақсы көремін.

-Сіздің хоббиіңіз қандай? Әрине, бұл – музыка тыңдау, электрондық схемалар мен технологияларды зерттеу, сондай-ақ TikTok үшін контент жасау. Жақында «Call of Duty» ойынындағы Гоуст (Саймон Райли) кейіпкеріне косплей жасадым. Сондай-ақ жапон тілін үйреніп жүрмін.

-Сіздің арманыңыз бар ма?Бар болса қандай? Менің арманым – Жапония, АҚШ және Еуропа елдеріне саяхаттау.

– Академиядағы жұмысты несімен жақсы көресіз? Маған жұмыс кестесі мен шарттары, сондай-ақ ұжымның қолдауы мен жылдамдығы ұнайды. Жақында ғана Академиядан жалға алу құқығымен кейін сатып алуға болатын қолайлы жағдайдағы баспана алдым.Cол үшін алғысым шексіз.

– Академияда өзгерткіңіз келетін нәрселер бар ма? Мен жаңа технологияларды енгізіп, мерекелік шараларды көбірек ұйымдастырғым келеді. Сұхбатты дайындаған: Софья Макаренко

Интервью сериясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүргізіледі.