Сайт бойынша іздеу
Contemporary dance әлеміне үңілу: Александр Фролов Академияда мастер класс өткізді

28 қаңтарда Қазақ ұлттық хореография академиясында Contemporary dance жанрында мастер-класс өтті. Мастер-классты Екатеринбургтегі Гуманитарлық университетінің заманауи би факультетінің түлегі, балет әртісі Александр Фролов өткізді.

Александр Фролов – American Dance Festival шәкірті, «Танцкрипция» жобасының финалисты, Свердловск облыстық театр фестивалінің «Браво!» лауреаты, сондай-ақ үш рет «Алтын маска» ресейлік ұлттық театр сыйлығына заманауи би, үздік спектакль, үздік балетмейстер және үздік ер адам рөлі номинациялары бойынша номинацияға ие болды. Оның авторлық қойылымдары «Менің махаббатым/Менің өмірім», «Эссенция» және «Премьера» кәсіби ортада жоғары бағаланды.

Мастер-класс барысында студенттер Александрдың авторлық техникасымен танысып, contemporary dance-те қозғалыстың негізгі принциптерін үйреніп, орындау нюанстарын талқылады. Сондай-ақ, өнерпаз өзінің тәжірибесімен бөлісіп, құнды кеңестер берді. Шараға «Хореографиялық өнер педагогикасы», «Спорттық бальни би педагогикасы» және «Балетмейстерлік өнер» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.