14-23 наурыз аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында «10 күн Наурызнама» форматында Наурыз мерекесі аталып өтті. Әр күннің тақырыбы қазақ халқының негізгі рухани және мәдени құндылықтарын дәріптеуге арналды.
Мерекелік бағдарлама амандасу және жақсы тілектер күні «Көрісу күні” - нен басталды. Бұл күні қатысушылар бір-бірімен амандасып, құттықтаулармен алмасып, театрландырылған қойылымға қатысты. «Қайырымдылық» атты күні : академияда онкологиялық аурумен ауыратын балаларға көмек жинап, волонтерлік акция ұйымдастырылып күн қайырымдылыққа арналып өтті. «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні рәсімдер мен әдет-ғұрыптардың көрсетілімімен ерекшеленсе, «Шаңырақ» күні отбасы құндылықтары туралы кураторлық сағаттар өткізілді.
«Ұлттық киім» аясында қатысушылар ұлттық киімдер киіп, дәстүрлерді қолдады, ал «Жаңару» күні экологиялық акциялар, декоративті өсімдіктер отырғызу және тор құстарын жасау өткізілді. «Ұлттық спорт» күні қазақ ұлттық ойындары мен мерекелік концерт ұйымдастырылды. «Ынтымақ» күні бірлік пен ынтымақтастыққа арналған челлендждер, би флешмобтары және бейнеқұттықтаулар көрсетілді. Шараның кульминациясы шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуы — «Жыл басы» мерекесін атап өту болды, ол ұлттық тағамдар мен жылы атмосферамен ерекшеленді. Наурызнама «Тазару» күнімен аяқталды, бұл күні қатысушылар, барлық артық нәрседен арылып, көктемді жаңа күшпен бастау үшін деген ниетпен тазалық жұмыстарын жүргізіді.
10 күндік Наурызнама Академия үшін бірлік, шабыт, мұраға деген терең құрмет пен болашаққа жаңа көзқарас кезеңі болды.