2025 жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясының докторанты Алмат Шамшив Грузияның Тбилиси қаласындағы Шота Руставели атындағы кино және театр университетінің хореография факультетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама аясында хореография өнері бойынша маңызды мәліметтер жинақталып, салыстырмалы зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Ғылыми сапар барысында Алмат Шамшив грузин өнерінің көрнекті өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасты. Атап айтқанда:
Тағылымдама барысында тек теориялық біліммен ғана шектелмей, мәдениетаралық байланыстар да нығайып келеді. Осы мақсатта 2025 жылғы 16 сәуір күні Алмат Шердарұлы Грузия студенттері үшін шеберлік сағат өткізіп, қазақстандық би өнерінің қыр-сырын таныстырды. Бұл шара 1 курс студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырып, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың нақты дәлелі болды.
Тағылымдама аясындағы кездесулер мен шеберлік сабақтар кәсіби шеберлікті арттыруға, сондай-ақ халықаралық ғылыми-шығармашылық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізуде.
Қазақ ұлттық хореография академиясы
Баспасөз қызметі
2025 ж. 25 сәуір, Тбилиси