Сайт бойынша іздеу
Хореография академиясының студенттері Алматыда өткен IX халықаралық «ӨРЛЕУ» байқауында лайықты өнер көрсетті

2025 жылғы 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында Алматы қаласында жыл сайын өңірдің түкпір-түкпірінен кәсіби хореографиялық оқу орындарының дарынды оқушыларын біріктіретін IX халықаралық «ӨРЛЕУ» байқауы өтті. Байқау Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің базасында өтеді және болашақ балет әртістерінің дайындық деңгейін көрсету үшін маңызды алаң болып табылады.

Біздің Академияның оқушылары өздерінің оқу орнын абыроймен таныстырып, кәсіби шеберлігі мен әртістігінің жоғары деңгейін көрсете отырып, түрлі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

  • Блок Виктория (5/8 сынып) — III сыйлық, «Классикалық би» номинациясы (орта топ)
  • Сырманов Әбілмансұр (6/9 сынып) — I сыйлық, «Классикалық би» номинациясы (орта топ)
  • Кайргалиев Абылай (6/9 сынып) — III сыйлық, «Классикалық би» номинациясы (орта топ)
  • Избасарова Малика (6/9 сынып) — Қатысушы дипломы, «Классикалық би» номинациясы (орта топ)
  • Ермағамбет Әсет (1 курс АБ) — III «Классикалық би» номинациясы (орта топ)
  • Крылдаков Алимжан (4/7 класс) — III «Классикалық би» номинациясы (кіші топ)

Осы айтулы оқиғаға орай хореография академиясының ректоры Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етті. Сыйға берілген кашемир көрпелерді Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы CNPC ұсынғаны ерекше назар аудартады, бұл халықаралық серіктестердің жас таланттарды қолдауының ерекше белгісі.

CNPC корпорациясына өскелең ұрпақтың мәдени және кәсіби дамуына көрсеткен ықыласы мен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Студенттерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және шығармашылық жетістік, шабыт тілейміз!