Сайт бойынша іздеу
Хореография академиясының жас тәрбиеленушілері ҚХР Төрағасының сапарына орай өнер көрсетті

2025 жылғы 16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елордаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келді.

Бұл тарихи әрі маңызды оқиғаға Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары қатысып, өз өнерлерін паш етті. Академияның жас тәрбиеленушілері қытай халық биі мен қазақ биін үйлестіре отырып, қос елдің мәдени байланысының жақындығын көрсетті.

Қос халықтың ұлттық билері мемлекет басшылары тарапынан жоғары бағаланып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Қытайлық делегация қазақ биінің қимылдарына ерекше қызығушылық танытып, таңданыстарын жасырмады. Академияның білікті ұстаздары шәкірттердің кәсіби шеберлігін үнемі шыңдап, оларды би өнерінің биік белестеріне жетелеуде. Қазақ ұлттық хореография академиясы — Орталық Азиядағы беделді оқу орындарының бірі. Бүгінде мұнда алыс-жақын шетелдерден, соның ішінде Қытайдан келген студенттер білім алуда.

Мемлекеттік деңгейдегі осындай ауқымды шарада өнер көрсету – жас дарындардың шығармашылығына тың серпін беретіні сөзсіз.

Фото дереккөзі: Aqorda