Сайт бойынша іздеу
Хореография саласындағы кәсіби тәжірибе алмасу

Қазақ ұлттық хореография академиясы профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамытып, шетелдік серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейтуде. Осындай өзара әрекеттестіктің жарқын мысалы ретінде Бакудегі Хореография академиясындағы бітіруші курс студенттерінің қорытынды емтихандарын өткізуге Академия өкілінің қатысуын атап өтуге болады.

Атап айтқанда, мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ретінде Қазақ ұлттық хореография академиясының педагогика кафедрасының профессоры, өнертану ғылымдарының доценті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Алишева Алива Турсумбаевна қайта шақырылды. Ол «Балет әртісі» және «Халық биі ансамблінің әртісі» бағыттары бойынша бітірушілердің шығармашылық жұмыстарын бағалауға, сондай-ақ әзірбайжандық әріптестерімен педагогикалық тәжірибе алмасуға қатысты.

Мұндай ынтымақтастық хореографиялық білім беру бағдарламаларының сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар қос академия арасындағы кәсіби және мәдени байланыстарды нығайтады.

Оқытушылар арасындағы бірлескен жұмыс шығармашылық мектептер арасындағы диалогты қалыптастыруға, оқытудың озық әдістемелерімен бөлісуге және жаңа тәсілдерді бірлесе дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақ ұлттық хореография академиясы Баку хореография академиясымен әріптестікті жоғары бағалайды және академиялық ұтқырлық, бірлескен жобалар мен мәдени ынтымақтастық бағытында жаңа бастамаларға ашық.

Мұндай кәсіби тәжірибе алмасу – Академияның халықаралық стратегиялық бағыттарының маңызды бөлігі және хореографиялық білім берудегі жаһандық ашықтығының көрінісі.