Сайт бойынша іздеу
Креативті кәсіпкерлік

Ғылыми жоба аясында Кулмаганбетова А.С. және Тлесова Э.Б. дайындаған, креативті индустрияларда бизнесті құру және дамыту мәселелеріне арналған «Креативті кәсіпкерлік» оқу құралы жарық көрді. Басылымды кәсіпкерлік саласындағы жетекші әлемдік сарапшылардың бірі, George Washington University профессоры Ayman El Tarabishy қатысуымен авторлардың бірі Кулмаганбетова А.С. таныстырды.

Профессор Ayman El Tarabishy - шағын бизнес бойынша халықаралық кеңестің (ICSB) атқарушы директоры және George Washington University, Бизнес мектебінің профессоры. Ол шағын бизнеске, әлеуметтік кәсіпкерлікке және цифрлық экономикаға баса назар аудара отырып, кәсіпкерлік пен инновациялар бойынша танымал маман болып табылады.

Таныстыру барысында оқулықтың ағылшын тіліндегі нұсқасын дайындау үшін профессор Ayman El Tarabishy-мен басылым авторларының одан әрі ынтымақтастығының болашағы талқыланды. Оқулықтың мазмұнын халықаралық аудиторияға бейімдеу бойынша бірлескен жұмыс жоспарлануда, бұл өзекті білімге және жаһандық деңгейде креативті кәсіпкерліктің үздік тәжірибелеріне қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.