23 қаңтарда Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжановтың Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Оскар Сантана Леонмен кездесуі өтті.
Елші мырза академияға таныстыру сапарымен барды. Кездесу барысында Куба Елшілігі мен хореография академиясының ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ Академияның Кубаның балет мектептерімен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.