Сайт бойынша іздеу
«Ұлы Жеңіске тағзым!» шығармашылық байқауының салтанатты жабылу рәсімі

2025 жылғы 26 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске тағзым!» шығармашылық байқауының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Іс-шара Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Байқау «Хореография», «Вокал және аспаптық орындаушылық», «Мобилография» бағыттары бойынша жас таланттарды біріктіріп, мерекелік шаралардың маңыздыларының біріне айналды. 2023 жылдан бастап Астана қаласы бойынша Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының аймақтық өкілі болып табылатын Академия бұл жолы да ректор Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанованың басшылығымен шығармашылық бастамаларды жоғары деңгейде ұйымдастыра алды.

Салтанатты шарада Академия ректоры Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова құттықтау сөз сөйледі. Ол тарихи жадымызды сақтау мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде өнердің маңызды рөлін атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Эстрадалық вокал және аспаптық орындаушылық» бағыты бойынша I дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:

  • Кириллов Илья — жетекшісі Сауриков Дүйсембек Маметович
  • Есенгелді Эмина — жетекшісі Лебедев Алексей Викторович
  • Синха Андреас — жетекшісі Гайзер Ольга Арнольдовна
  • Аманбек Нурали — жетекшісі Давледбаева Раушан Рахимбаевна
  • Мошқалбек Жанасыл — жетекшісі Мерекеев Асхат Меирманұлы
  • Ғабдрахманова Нәдирә — жетекшісі Мерекеев Асхат Меирманұлы
  • Рамазан Мөлдір — жетекшісі Когай Наталья Вячеславовна
  • Нұрлыбек Алихан — жетекшісі Даулетбак Майра Турлыбековна
  • Түлембаева Даяна — жетекшісі Мерекеев Асхат Меирманұлы
  • Жұмағали Айназ — жетекшісі Батырханова Армангүл Айдаровна
  • Андрющенко Тимофей — жетекшісі Абитдинова Надежда Юрьевна

• «Мобилография» бағыты бойынша үздік жұмыстар анықталды:

  • «Жеңіс тарихы»: Мұратова Айым (Қазақ ұлттық хореография академиясы)
  • «Жанды кадрлар»: Батыр Асхат (ҚазҰӨУ жанындағы мектеп-интернат)
  • «Соғыс жаңғырығы»: Жанайдарова Инбат (ҚазҰӨУ жанындағы мектеп-интернат)

• «Хореография» бағыты бойынша жеңімпаздар:

  • «Алау» ансамблі — жетекшісі Каусова Камила Серіковна
  • «Қызғалдақ» ансамблі — жетекшісі Торебай Айшабибі Мұратқызы
  • «Алтын дән» халық би ансамблі — жетекшісі Гаценко Снежанна Николаевна

Байқаудың табысты өтуіне үлес қосқаны үшін бірлескен ұйымдастырушыларға — Қазақ ұлттық хореография академиясының концерттік қызмет және сахналық практика бөлімінің басшысы Алиева Гүлнар Жұмабаевнаға, ҚазҰӨУ жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры Тани Айсулу Бақытқызына және Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің директоры Ли Владислав Владимировичке алғыс білдірілді.

Қатысушылардың өнерін бағалаған мәдениет және білім беру саласының көрнекті өкілдерінен құралған кәсіби қазылар алқасы арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара жеңімпаздардың өнер көрсеткен гала-концертпен аяқталды. Әсерлі вокалдық және хореографиялық нөмірлер Ұлы Жеңіске арналған мерекенің лайықты қорытындысы болды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, тарихи жадыны сақтау мен өнерді дамыту бағытындағы жаңа кездесулерге үміт білдірді.