Сайт бойынша іздеу
Махаббат мерекесі: Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу аңызына арналған кеш

Ғашықтар күніне орай Академияда махаббат пен мәңгілікке деген сенімнің нышанына айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу туралы аңызға шабыттанған ерекше іс-шара өтеді.

Іс-шараны «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері: Дильназ Абаева, Алтынай Мейірбек, Төлеубаева Елнара және Қалиева Аяулым ұйымдастырады.

Бағдарламада:

  • Қойылым – аңызды сахнада жанды ету;
  • Музыкалық нөмір;
  • Ашық хаттар тарату.

Ашық хаттарды алдын ала келесі орындарда қалдыруға болады:

  • Оқу корпусының 3-қабатындағы коворкингте,
  • Балет корпусындағы 1-қабатта (кіру есігінің оң жағында).

Өтетін орны: оқу театры (415 аудитория)

Басталу уақыты: 12:30

Баршаңызды бұл әдемі махаббат хикаясынан шабыт алуға және жүрек жылуын бөлісуге шақырамыз!