2025 жылғы 25 сәуірде Қазмедиа орталығында мәдениет және өнер саласындағы білім беру мәселелері бойынша сараптамалық кездесу өтті, оған Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова және проректор Айгүл Маратқызы Есентемирова қатысты. Кездесу мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Жексеналыұлы Сыдықовтың қатысуымен өтіп, мемлекеттік органдардың, ғылыми және білім беру қоғамдастығының өкілдерін, сондай-ақ халықаралық сарапшыларды біріктірді.
Кездесу бағдарламасы аясында Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы (Ресей), Нью-Йорк кино академиясы (АҚШ), Назарбаев университеті, Қазақ-Американдық университетінің Халықаралық білім беру корпорациясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы сияқты әлемдік жетекші оқу орындары өкілдерінің келесі баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі, білім беру саласындағы сарапшы Лаура Палуанова «Шығармашылық ЖОО-лардың Erasmus+Еуропалық Одақ бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады. Сараптамалық кездесуге мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының басшылары, жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының сарапшылары және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Сарапшылардың баяндамалары пәнаралық тәсілдің, халықаралық әріптестіктің, цифрландырудың және білім беру бағдарламаларын уақыт талабына бейімдеудің маңыздылығын атап өтті. Академия мәдениет және өнер саласындағы білім беруді дамытуға бағытталған бастамаларға қатысуға және ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.